Акцияда Маңғыстау облысының белсенді жастары ұзындығы 15 метр, ені 7 метр болатын мемлекеттік ту мен ұзындығы 10 метр, ені 6 метр болатын Рухани жаңғыру туын алып, Тәуелсіздік көшесі бойының «Мәңгілік алау» жанынан Ақбота саябағына дейін шерулеп жүріп өтті.
Шеруге өңірлік жастар ұйымдарының жетекшілері, жастар бірлестіктері мен одақтарының жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК шекара қызметі «Жағалау күзеті» қызметінің әскерилері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция - жастардың патриоттық руxын көтеріп, олардың ұлттың қуатын қалыптастыра алатын мемлекеттің стратегиялық ресурсы екенін көрсетуді көздейді.
Шара Маңғыстау жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы